Ұлттық банк резервтерді сақтау үшін өзінің ішкі валюта нарығына қатысуын қысқартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк резервтерді сақтау үшін өзінің ішкі валюта нарығына қатысуын қысқартады

06.11.2015
Ұлттық банк резервтерді сақтау үшін өзінің ішкі валюта нарығына қатысуын қысқартады
Ұлттық банктің валюта нарығына қатысу үлесі 60 пайызға жетті. Осы кезеңде Ұлттық қор қаражатының және Ұлттық банктің алтынвалюта активтерінің есебінен 5 миллиард доллар сатылды.

Ұлттық банктің және Ұлттық қордың алтынвалюта активтерін сақтау мақсатында Ұлттық банк 2015 жылғы 5 қарашадан бастап өзінің валюта нарығына қатысуын барынша азайту туралы шешім қабылдады.

Хабарламаларға жазылу