Кездесуде аймақ басшысы Президенттің Жарлығымен мерт болған екі азаматқа ерліктері үшін «Айбын» ордені берілгенін айта келе:
- Ардақты ұшқыштарымыздың ерлікпен қаза тапқандарына үш ай болды. Оларды әріптестері еңбексүйгіш, бастамашыл, принципшіл, әділетті, қайырымды қасиеттері үшін бағалады, құрметтеді. Кезінде пәтер кезектерін азаматтық танытып, өзгелерге ұсынған ұшқыштардың отбасыларына бүгін жаңа баспана кілттерін ұсынғалы отырмыз. Олар арамыздан ерте кеткенімен, жадымызда ұзақ сақталады. Артында қалған отбасыларының өмірлері қайғы-мұңсыз болсын. Өсіп келе жатқан балаларыңыз ғұмырлы болсын. Жаңа жыл тек қуаныш пен бақыт әкелсін, - деді.
Кездесу соңында Амандық Баталов Ерлан Науановтың жұбайы Мағрипа Науановаға 5 бөлмелі, Денис Горбуновтың жұбайы Любовь Горбуноваға 3 бөлмелі пәтер кілттерін және балаларына жаңажылдық сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.