2014 жылғы ең танымал есімдер белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2014 жылғы ең танымал есімдер белгілі болды

29.12.2014
2014 жылғы ең танымал есімдер белгілі болды

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2014 жылы нәрестелерге көп қойылған есімдерді жария етті. Биыл ұлдарға Әлихан есімі, ал қыздарға Айзере есімі  ең көп қойылған. 2014 жылы 2798 Әлихан мен 6276 Айзере дүниеге келген.

Сондай-ақ,  ұлдарға жиі қойылған есімдер - Ерасыл, Нұрислам, Нұрасыл, Айсұлтан, Санжар, Рамазан, Мирас және Артем.

Қыздар арасындағы ең танымал есімдер - Айару, Інжу, Кәусар, Айша, Әмина, Аружан, Аяулым мен София болды.

Айта кетейік, 2013 жылдың статистикасымен салыстырғанда, биыл ұлдар арасындағы ең танымал есім өзгерген. Былтыр ұлдарға  Ерасыл  есімі көп қойылған еді. Ал қыздар арасында өткен жылы да Айзере есімі көш бастаған.

kostanaytany.kz

Хабарламаларға жазылу