Индонезияның Көлік министрлігі оның бортында 155 адамның болғандығы туралы хабарлайды. «Стрейтс таймс» газетінің электрондық нұсқасындағы мәліметтерге сүйенсек, олардың арасында Корея Республикасының үш азаматы, бір сингапурлық азамат және Ұлыбританияның бір тұрғыны болған, қалғандары - Индонезияның азаматтары.
Кестеге сәйкес, QZ 8501 рейсін орындаған ұшақ сингапурлық Чанги әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 08:30-да жетуі тиіс болған, деп жазады ҚазАқпарат.