Түркия президенті Тайып Ердоғанның Қазақстанға сапары күтілуде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов айтты.
«Өздеріңіз білетіндей, ол бұл лауазымға таяуда ғана сайланды. Біздің Түркиямен қарым-қатынасымыз ұзақмерзімді әрі тұрақты сипатқа ие. Біздерде жоғары деңгейдегі өзара институттар бар. Таяу аралықта Қазақстан президент Ердоғанды қабылдайды деп күтудеміз», - деді министр.