Түрксіб картасы балалардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында шығарылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрксіб картасы балалардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында шығарылған

25.12.2014
Түрксіб картасы балалардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында шығарылған

Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Түрксіб құрылысының салынуы жалпыхалықтық іс болды. Жаңа теміржол Қазақстан, Орталық Азия мен Сібірді жалғады.

Құрылысқа жәрдемдесу жөніндегі комитетті  РСФСР ХКК төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов басқарды.

Оның құрамына 50-ден астам теміржол құрылысы саласының, орталық және республикалық басқару органдарының  мамандары кірді.

Түрксіб құрылысына 50 мыңнан астам адам жұмысқа тартылды. Алып құрылыс мерзімінен бұрын аяқталды.

Түрксіб картасы  2001 жылы Мәскеудегі мемлекеттік тарихи мұражайда  өткен «Тарих және карта: Ресей картографиясының үш ғасыры» атты көрмеге қойылған.

Карта 1930 жылы Краснодарда Солтүстік Кавказ өлкелік комиссиясының бастамасымен балалардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында шығарылған.  

Төменгі тұсында В.И.Лениннің «Социалистік мемлекетте үйсіз, қорғансыз балалар болмауы керек» деген сөзі жазылған. 200 данамен басылып шыққан картаның сол замандағы құны - 25 тиын тұрған. Өнімді сатудан түскен қаражат панасыз балалар қорына аударылды.

Оң жақ тұсында Түрксіб құрылысы жөніндегі комиссия төрағасы Тұрар Рысқұловтың суреті бар.

Карта әлеуметтік құрылыс еріктілеріне арналды.

 

Фото: mysl.kz

Хабарламаларға жазылу