Монополияға қарсы құрылым энергетиктердің тарифті көтеру туралы ұсынысын қабылдады.
Тарифтің көтерілуіне «КЕGОС» АҚ пен аймақаралық желілер арасындағы тасымал құнының артуы себеп.
Осы уақытқа дейін жеке тұлғалар қосымша құн салығын есептемегенде 13,72 теңге төлеп келсе, жаңа 2015 жылдан бастап, баға 14,60 теңгеге (ҚҚС есептемегенде) көтеріледі. Өзге тұтынушылар үшін - 18,52 теңге.
Кәсіпкерлер палатасының мәліметі бойынша, Қостанай облысында соңғы 5 жылда тұрмыстық қызметтер үшін баға 1,5 есеге өскен.
Жыл сайын орташа есеппен алғанда, электрмен жабдықтау құны - 11,2 пайызға, сумен қамту - 16 пайызға, газбен жабдықтау құны - 2,3 пайызға артады.