«Сенбілік таң» ұйымдастырған «Махаббат баяны» байқауының жеңімпаздары марапатталды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» ұйымдастырған «Махаббат баяны» байқауының жеңімпаздары марапатталды (ФОТО)

24.12.2014
«Сенбілік таң»  ұйымдастырған «Махаббат баяны» байқауының жеңімпаздары марапатталды (ФОТО)

ІІ орын Ләззат Мақашқа,  ІІІ орын Айжан Тәбәрәкқызына берілді.  

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар табысталды.

І және ІІ орын иегерлеріне «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ атынан 150 мың теңгелік сертификат тапсырылды.

Айжан Тәбәрәкқызына республикалық «Сән мен сахна»  журналының бас редакторы Ханым Айдаш 50 мың теңгелік сертификат берді.

Байқау ережесі бойынша, ақындардың өлеңдеріне бейнебаян түсіріліп, көрермендерге әр сенбі сайын Ұлттық арна эфирінен ұсынылды.

Жыр байқауының қазылар алқасының құрамында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Серік Тұрғынбекұлы және  филология ғылымдарының кандидаты, ақын Серікзат Дүйсенғазин бар.

Таңғы бағдарламаның бастамасына  «Әдемі-ай» компаниясының директоры Баһаргүл Төлегенқызы, «Түгел-Медиа» бірлестігінің басшысы Сәдібек Түгел демеушілік көрсетті.

Байқауға қатысқандар қатарында ақын Бауыржан Игілік, Ержан Жаубай, Бауыржан Қарағызұлы, Құралай Омар, Арман Шеризат,  Жандарбек Жұманов және Сәтжан Қасымжанұлы бар.

Айта кетейік, Ажар Ерболған мен Ләззат Мақаш бұған дейін Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасы ұйымдастырған «Жырлаймын туған елімді» байқауына қатысқан.

Марапаттау салтанатын «Сенбілік таңның» алдағы көрсетілімдерінен тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу