Алматыда VII «Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет, аударма және журналистика мәселелері» атты конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда VII «Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет, аударма және журналистика мәселелері» атты конференция өтеді

23.12.2014
Алматыда VII «Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет, аударма және журналистика мәселелері» атты конференция өтеді

2015 жылдың 23-24 сәуірінде Алматыда VII «Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет, аударма және журналистика мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Шара Сүлейман Демирел университеті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, КИМЭП университеті және Ататүрік-Алатоо Халықаралық университетінің  (Қырғыз Республикасы)  ұйымдастыруымен өткізілмек.

Дәстүрлі түрде өткізілетін бұл конференцияның басты мақсаты – түрлі мәдениеттердің ортақ құндылықтары мен ұлттық ерекшеліктеріне бағытталған шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу ізденіс жұмыстарымен танысу және талқылауға ғылыми орта қалыптастыру.

Конференция  жұмысының бағыттары:

  1.  Лингвомәдени концептология және ұрпақтың мәдени сабақтастығы;
  2.  Тіл біліміндегі жаңа үрдістер мен дәстүрлі бағыттар;
  3.  Мәдениеттер тоғысындағы әдебиеттану ғылымы: өткені, бүгіні, келешегі;  
  4.  Мәдениаралық коммуникация аспектісіндегі қазіргі аударматану: теория, тәжірибе, оқытудағы жаңа үрдістер;
  5. Тілді мәдениаралық қарым-қатынас аясында оқыту: өзіндік ерекшелігі мен келешегі;
  6. Мәдениеттер тоғысындағы түркітану ғылымы: жетістіктері, жаңа көзқарастар;
  7. Қазіргі орыс тілін зерттеудегі өзекті мәселелер;
  8. Коммуникация және медиа: қақтығыс пен бейбітшілік;
  9. Қазақстанның этносаралық толеранттық және қоғамдық келісім моделі: маңызы, тарихы, құндылықтары;
  10. Мәдениеттер тоғысындағы көптілді білім беру жүйесінің әдіснамалық негіздері;
  11. Білім берудегі инновациялық технологияларды қолдану;
  12. Бизнес және экономикалық зерттеулерде мәдениет мәселелері;
  13. Посткеңестік Орталық Азияның өзекті мәселелері.

Сонымен қатар, шара барысында «Өзге және шет тілді аудиторияда тілдерді оқыту: мәселелер мен келешегі», «Тілдік тұлға және этникалық ренессанс» тақырыптары аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Хабарламаларға жазылу