«Арман асуы» эфирге қайта шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Арман асуы» эфирге қайта шығады

22.12.2014
«Арман асуы» эфирге қайта шығады

Көрермендердің сұрауы бойынша «Қазақстан» Ұлттық  телеарнасынан көрсетілген отандық туынды «Арман асуы» телехикаясы қайта эфирге шығады.

Туындының сюжеті бойынша,  мектептен бері айырылмас дос болып келе жатқан Сая, Абзал және Дархан атты үш достың асқақ арманы, жаңалыққа деген талпынысы туралы баяндалады. Үшеуінің арасында сабырлысы Абзал болса, Дархан – шешімді тез қабылдайтын ширақ бала. Ал, Сая – үздік оқушы.  Олар бала кезден жарқын болашақ туралы армандайды. Алайда, тағдырдың оларға арнаған өз сынағы бар еді.

Жеті бөлімнен тұратын телехикаяны Ерлан Нұр-Махамбет түсірген. Рөлдерде Рүстем Жаныаманов, Бауыржан Сұрапбаев, Айнұр Бабаева, Нұржан Әбубәкір, Ержан Нұрымбет ойнайды.

Телехикаяның алғашқы бөлімін бүгін Ұлттық арнадан сағат 19.30-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу