«Ғалымдарға айтып, тиісті жұмыстарды істеп жатырмыз. Біздің жастар мен жалпы қазақ халқы еліміздің мыңжылдық тарихы бар екенін білуі керек. Ғалымдар Қытайға, Иранға, Ауғанстанға, Ташкентке және басқа да жерлерге жіберіліп, ежелден қалған жазулар мен жәдігерлерді зерттеді», - деді Мемлекет басшысы.
Осы тұрғыда Елбасы еліміздің аумағында ежелде мекен еткен арғы ғұндар біздің бабаларымыз екенін, одан бері қарай Түркі қағанаты, содан кейінгі Алтын Орда кезеңін барлығын қамтыған кезде екі мың жылға жететін тарихымыз бар екенін атап өтті.
«Соның барлығынан өтіп, тілімізді, дінімізді, ұлттығымызды сақтап қалған қазақ халқы қандай керемет! Ешқайсысымен қосылып кеткен жоқ»,- деді Президент.