Бүгін – «Жедел жәрдем» телехикаясының соңғы бөлімдері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – «Жедел жәрдем» телехикаясының соңғы бөлімдері

20.12.2014
Бүгін – «Жедел жәрдем» телехикаясының соңғы бөлімдері

«Қазақстан» Ұлттық арнасында 2014 жылдың  9 сәуірінен бастап жарыққа шыққан отандық жаңа туынды -  «Жедел жәрдем»  телесериалының екінші маусымы да аяқталуға жақын.

Алғашқы маусымдағы сюжеті бойынша, туындыда ерлі-зайыпты Ермек пен Алма үлкен медициналық орталықта бірі кардиолог, бірі акушер-гинеколог болып жұмыс істейді. Ермек жүрек ауруымен операцияға түскен өз қызының өмірін сақтап қала алмайды.

Қайғыға төзе алмаған ерлі-зайыптылар ажырасуға дейін барады. Бірақ, екеуі бір-бірін еш ұмыта алмайды. Араға он жыл салып, олар жүрек ақауынан зардап шеккен қыз баланы асырап алуға бел буады.

24 бөлімнен тұратын алғашқы маусымға кейін тағы 24 бөлім қосылған еді. Мұнда үлкен қаладағы жұмысын тастап, ауылға бет алған Ермек көп ұзамай ауыл адамдарының абзал жанына айналады.  «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде түсірілген отандық туындының соңғы бөлімдерін бүгін 14.15-те Ұлттық арнадан көріңіз.  

Хабарламаларға жазылу