Алматыда грек-рим күресінен Шәміл Серіковті еске алу турнирі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда грек-рим күресінен Шәміл Серіковті еске алу турнирі өтеді

19.12.2014
Алматыда грек-рим күресінен Шәміл Серіковті еске алу турнирі өтеді

Биыл 7-ші рет өтетін Шәміл Серіковті еске алу турнирінде Қазақстан мен Қырғыз Республикасынан 200-ден астам спортшы бақ сынайды. 2014 жылдан бастап бұл турнирде жеңімпаз атанған спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындайды.

Жарысты ұйымдастырудың басы-қасында жүрген грек-рим күресінен Қазақстанның 7 дүркін чемпионы, Дүниежүзілік жекпе-жек өнері федерациясының вице-приезиденті – Жақсыбай Бәзілбаевтің айтуынша, 2015 жылдан бастап «Шәміл Серіковты еске алу турнирін» еуразиялық ашық турнирге айналдырмақ. Турнирдің ашылу салтанаты 20 желтоқсанда өтеді.

Хабарламаларға жазылу