Қазақ поэзиясында есте жоқ ескі замандардан бері келе жатқан махаббат жыр-дастандарының жалғасы іспетті бүгінгі заманның махаббат лирикасын сұлу әуенмен нақышына келтіріп жазған ақындардың бірі — Жұматай Жақыпбаев.
Өмірді де, өлеңді де құлай сүйген Жұматай –лирик ақын. Сезімді жырлайтын. Жүрегінен шашыраған жыр ұшқындары әр кеудеде от болып маздайды. Оның поэзиясы – туған жерінің табиғатымен, ағайын-жұртымен, барлық жастағы адамдармен үнсіз сырласады.
Төрт құбыланы түгел жырлаған бірегей ақын Жұматай Жақыпбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы бүгін 21.05-те «Айтуға оңайда» сөз болмақ.