2014 жылдың 14 желтоқсанында Астана станциясының перронынан, ал 15 желтоқсан күні - Защита станциясынан (Өскемен қаласы) «Астана-Өскемен» (Защита) бағытымен жүретін №68/67 жаңа жүрдек жолаушылар пойызы сапарға аттанды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлайды.
«Тұлпар-Тальго» вагондарынан құрылған жаңа пойыз аптасына үш рет қатынайды, делінген хабарламада.
Жаңа пойызды аттандыру және қарсы алу шараларына теміржол саласының ардагерлері, Астана қаласы, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның басшылығы қатысты.
Пойыздың алғашқы екі жолаушысына «Жолаушылар тасымалы» АҚ смартфон сыйға берілді. Жолаушы Т.Балтабекова Семейге билетті касса арқылы сатып алса, А.Сәлімбетова Өскеменге бару үшін ғаламтор арқылы тапсырыс берген.
Жаңа пойыз 23 вагоннан тұрады, соның 19-ы «Турист», біреуі - мейрамхана вагоны, тағы біреуі -вагон-бар және екі техникалық вагон.