2015 жылы Ұлттық қордан жол жобаларына 178 миллиард теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылы Ұлттық қордан жол жобаларына 178 миллиард теңге бөлінеді

18.12.2014
2015 жылы Ұлттық қордан жол жобаларына 178 миллиард теңге бөлінеді

Келер жылы жол жөндеуге қатысты жобалар үшін Ұлттық қордан 178 миллиард теңге бөлінеді, ал, 2016 жылы 143,3 миллиард теңге бөлу қарастырылған.  Сондай-ақ, мұндай жобаларды қаржыландыру 2020 жылға дейін жалғаспақ.

Автожолдардың құрылысына қатысты жобаларды жүзеге асыру және жөндеу жұмыстары халықаралық қаржылық ұйымдармен іске асатын болады. Осы жолдардың құрылысы арқасында елде 200 мың жұмыс орны ашылады. Жобалар Президенттің «Нұрлы жол» Жолдауына сәйкес жүзеге асырылады.

Транспорттық-логистикалық инфрақұрылымның дамуы хаб принциптері бойынша макроаймақтардың құрылуы аясында жүретін болады. Негізгі басымдық Астана мен макроаймақтарды байланыстыратын автожол, теміржол және әуе жүйесінің дамуына беріледі.

Алдымен, автожол жүйесі төмендегідей бағытта дамиды:

Батыс Қытай – Батыс Еуропа; Астана – Алматы; Астана – Өскемен; Астана – Ақтөбе - Атырау; Алматы – Өскемен; Қарағанды – Жезқазған - Қызылорда; Атырау - Астрахань.

Келер жылы стратегиялық маңызға ие Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда автомагистралінің құрылысына қатысты жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі таңда Астанаға дейінгі жол – 1917 шақырымды құрайды. Ал, жоба жүзеге асса, бұл жолдың қашықтығы 817 шақырымға қысқармақ. Қызылорда – Жезқазған автожолы шамамен 10,1 миллиард теңгеге бағаланып отыр.

Хабарламаларға жазылу