Қазақстандағы үздiк шетел инвесторлары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы үздiк шетел инвесторлары марапатталды

18.12.2014
Қазақстандағы үздiк шетел инвесторлары марапатталды

Астанада ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Қазақстандағы үздiк инвесторларды марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Биыл «Үздiк инвестор-2014» байқауында жапондық Shimadzu (ОҚО-да рентген құрылғыларын шығару зауыты) мен NYK Line (Алматыдағы көлiктiк терминалдың құрылысы), немiстiң Heidelberg Cement (4 бетон және цемент зауыттары) пен Metro Cash&Carry (Астана, Алматы қалаларында және ШҚО, Павлодар, ОҚО, Қарағанды облыстарында 8 сауда үйлерiнiң құрылысы), Түркияның Galaksi Group (Алматыда құрылыс материалдарын шығару өндiрiстерi), Австралияның ORICА (құрылысқа қажеттi тауарлар), Оңтүстiк Кореяның POSCO (ШҚО-да титан өнiмдерiн шығару зауыты) компанияларының инвестициялық белсендiлiктерi елендi.

Ә.Исекешев елдiң экономикасына елеулi үлес қосып келе жатқан инвесторларға сәттiлiк пен жоғары табыстар тiлеп, болашақта бұл әрiптестiк одан әрi дамитындығына сенiм бiлдiрдi.

Хабарламаларға жазылу