Қазақ палуан халық екені рас. Қара күші басым алып азаматтарымен қатар, қазақтың палуан қыздары да аз емес. Қажымұқанды дүниеге әкелген Кәбира ана, Балуан Шолақтай алыпты туған Қалампыр ананың да қарулы кісі болғаны тарихтан аян.
Бүгінде Қазақ елінің Туын әлемдік додаларда биіктетіп жүрген қыздарымыз аз емес. Жалпы, қыз баланың күрес, ауыр атлетика сынды спорттың қиын түрлерін таңдауына не себеп? Олардың жеңіске жетудегі құлшынысы қандай?
Қазақтың жауырыны жер иіскемеген палуан қыздары мен зілтемірді ұршықша иірген қыздарының жетістіктері турасында бүгін 21.05-те «Айтуға оңайда» сөз болады.