Қажымұқан – тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген палуан.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен Әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы. Теңдессіз өнерімен Жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Тіпті, Ресейлік палуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағаны да мәлім.