Журналистер жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады - Бақыт Сұлтанов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистер жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады - Бақыт Сұлтанов

18.12.2014
Журналистер жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады - Бақыт Сұлтанов

Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

«2020 жылға дейін 1,4 миллион шаршы шақырымнан астам тұрғын үй салынады.  Жалдамалы тұрғын үйлердің 60 пайызы Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларында тұрғызылады»,- деді министр елорда тұрғындарымен өткен кездесуінде.

Оның айтуынша, БАҚ өкілдері жалдамалы үй алушылардың ІІ тобына кіреді.

І топқа (30 пайыз) – мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, әскерилер, болашақ ұшқыштар, ұшқыштар, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері, оралмандар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеушілер, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар кіреді;

ІІ топқа (20 пайыз) – азаматтардың барлық тобы, оның ішінде мемлекеттік заңдық органдардың басымдық берілген қызметкерлері, білім беру, ғылым, медицина, журналистика, қоғамдық бірлестіктер, мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік емес ұйым қызметкерлері;

Жаңа бағдарлама бойынша салынатын жалдамалы тұрғын үйлердің 50 пайызы (ІІІ топ) – 29 жасқа дейінгі, некеде кемінде екі жыл тұрған жас отбасылар, толық емес отбасылар (29 жасқа дейінгі, баласын жалғыз тәрбиелеп отырғандарға) беріледі.

Бағдарламаға сәйкес, жалдамалы тұрғын үйдің ай сайынғы төлемақысы аумағы 50 шаршы метрді құрайтын екі бөлмелі пәтер үшін: Астана мен Алматыда  жалға алу - 56 мың теңге  (әрі қарай сатып алу),  өтеусіз - 28 мың теңге. Басқа аймақтарда жалға алу - 47 мың теңге (әрі қарай сатып алу), өтеусіз - 23 мың теңгені құрайды.

Хабарламаларға жазылу