Сәрсенбі күні елдің кей аймағында боран соғады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәрсенбі күні елдің кей аймағында боран соғады

17.12.2014
Сәрсенбі күні елдің кей аймағында боран соғады

17 желтоқсан күні Қазақстанның солтүстігінде және шығысында ауа ағымдарының өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, боран соғады, тұман түсіп, жел күшейеді. Республиканың басқа өңірлерінде күн ашық, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады, ол 25 м/с дейін күшейеді, түнде тұман түседі. Ақмола облысында кей жерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады, түнде боран болады.

Қостанай облысында кей жерінде тұман, көктайғақ болады, боран соғады, таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысында кей аймағында тұман түседі, күндіз 15-20 м/с екпінмен жел соғады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі.

Хабарламаларға жазылу