Биыл Балуан Шолақтың туғанына – 150 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Балуан Шолақтың туғанына – 150 жыл

15.12.2014
Биыл Балуан Шолақтың туғанына – 150 жыл

Аты аңызға айналған композитор, жауырыны жерге тимеген палуан, қазақ ән өнерінің әйгілі өкілі Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1864 жылы қазіргі Көкшетау облысына қарасты  Еңбекші ауданында дүниеге келген.  Бала кезінде саусағын күйдіріп алғандықтан, ел оны еркелетіп, Балуан Шолақ деп атап кеткен екен. Ал, азан шақырылып қойған есімі – Нұрмағамбет.

Әкесі  Баймырза – ағаш шебері, ал, анасы Қалампыр – қарулы кісі болған деседі. «Алып анадан туады», деп қазақ бекер айтпаса керек. Балуан Шолақ ән-күй десе, делебесі қозып, жүрген жерін сауық-сайранға бөлеп, сән-салтанатын атрттырған.

Жігіт шағында ол спорт пен әншілік өнерді қатар дамытады. Композитордың «Ащылы айрық», «Балуан Шолақ», «Желдірме», «Дікілдек», «Көкшетау», «Сұрша қыз», «Атадан ұл тумайды мендей сабаз», «Қоштасу» сынды әндері бар.  Оның халық арсында кеңінен тараған әндері – «Ғалия» мен «Сентябрь».

«Балуан Шолақ бабамызды әйгілі еткен өзінің ғашықтық әрі трагедиялы әні – «Ғалия».  Бұл әннің халық арасында 5 нұсқасы бар. Ол кісі бұл әнді қалай биікке көтерсе, «Ғалия» әні де Балуан Шолақ бабамызды сондай биікке көтерді»,- дейді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері  Серік Оспанов.

Биыл Балуан Шолақтың туғанына – 150 жыл. Осынау айтулы мереке ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мұрындық болуымен мемлекеттік деңгейде аталып өтілді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу