Мемлекет басшысы сәулетші Норман Фостерге бейбітшілік және прогресс сыйлығын тағайындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы сәулетші Норман Фостерге бейбітшілік және прогресс сыйлығын тағайындады

13.12.2014
Мемлекет басшысы сәулетші Норман Фостерге бейбітшілік және прогресс сыйлығын тағайындады

Қазақстан Республикасының Президенті сәулетші Норман Фостерге «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің -  Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5-шілдедегі  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Сәулет өнерін дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін сәулетші Норман Фостерге 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген хабарламада. 

Хабарламаларға жазылу