«Құқықтық тәртіп» кең ауқымдағы алдын алу шараларына құқық қорғау органдарының 2,5 мыңнан астам қызметкері мен ҚР Ұлттық гвардиясының әскерилері жұмылдырылды.
Көппәтерлі үйлердің аулаларында, демалу орындары көп орналасқан аудандарда патрульдік қызмет ұйымдастырылған.
Сондай-ақ, автокөлік қылмыстарын, қару және тыйым салынған заттар тасымалының алдын алу үшін стационарлық бекеттерде жол-патрульдік полициясымен бірге өзге де арнайы құқық қорғау органдарының қызметкерлері кезекшілік етеді.