Елордадағы Ұлттық музейде қос кітаптың тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы Ұлттық музейде қос кітаптың тұсауы кесілді

12.12.2014
Елордадағы Ұлттық музейде қос кітаптың тұсауы кесілді

Бүгін Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Ұлт мұраты» және «Возрожденные сокровища Казахстана» атты қос кітаптың тұсауы кесіледі.

«Ұлт мұраты» жинағын ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай мен «Мәдени мұра» журналының бас редакторы Жарылқап Бейсенбайұлы құрастырған.

Ал, «Возрожденные сокровища Казахстана» атты кітапта ұлт қазынасын сақтаудың кешенді мәселелері қамтылған.

Кітаптың авторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Алтын адамды», «Берел» қорғанынан табылған аттарды және тағы да басқа жәдігерлерді жаңғыртушы Қырым Алтынбеков.

Қос кітап қалың аудиторияға, қалпына келтірушілер мен археологтарға, музей қызметкерлеріне, тарихшыларға, шығыстанушыларға және студенттерге арналған.

 

Хабарламаларға жазылу