2015 жылы Астана автобустарында кондукторлар болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылы Астана автобустарында кондукторлар болмайды

12.12.2014
2015 жылы Астана автобустарында кондукторлар болмайды

«Бiздiң жоспарымыз бойынша, әзiрге кондукторлар қала бередi. Келесi жылы бiз электронды билеттердi енгiзген кезде олар бiрте-бiрте шыға бастайды. Электронды билеттердi кезең-кезеңiмен енгiзудi 2015 жылдың наурыз айында бастаймыз. Жаздың соңына дейiн жүйенi толығымен енгiзбекпіз», - деп атап өттi ол.

Р. Аманжоловтың сөзiне қарағанда, қоғамдық көлiктердегi жүру құны жолаушының жүрiп өткен маршрут ұзындығына байланысты болмақ. Ең ұзақ маршрут 90 теңгеден аспайды. Жолаушылар шотына электронды ақша салынатын арнайы картаны сатып алулары тиiс.

«Карталар тарифтелiнедi. Яғни, жүрiп өткен жолыңа ғана төлейсiң, егер қысқа жолды жүрiп өтсеңiз 90 теңгеден аз төлейсiз. Қоғамдық көлiкте тегiн жүруге рұқсат алған адамдар бұрынғыдай ақысыз жүре алады», - деді басқарма басшысы.

Хабарламаларға жазылу