Алматыда «Арғымақ» журналының ресми тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Арғымақ» журналының ресми тұсаукесері өтті

11.12.2014
Алматыда «Арғымақ» журналының ресми тұсаукесері өтті

Алматыда «Арғымақ» журналының ресми тұсаукесері өтті. Танымдық басылымның ашылғанына биыл бірінші жыл.

Осыған дейін 3 мың таралыммен бірнеше нөмірі қалың оқырманға жетіп үлгерді. Басылымның шығарушы редакторы Бағдат Мұхтарұлы оқырман тарапынан сұранысты ескере отырып, келер жылы таралым санын 5 мыңға дейін арттыру көзделіп отырғанын айтты.

Бағдат Мұхтарұлының айтуынша, қазақ жылқысының алысқа шабатын жүйрік тұқымын шығару, ат спортын дамытудың әлемдік стандарттарының бірі ипподром салу, шабармандарды оқыту жүйесін қалыптастыру, жылқы өнімі: қазы мен қымызды патенттеу сияқты тұтас индустрияны қалыптастыру үлкен ғылыми зерттеуді талап етеді.

Хабарламаларға жазылу