19 желтоқсан күні Республика сарайында әнші, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмединованың шығармашылық концерті өтеді. «Таңшолпанда» қонақта болған әнші кеш турасында толығырақ айтып берді.
«Бұл концерттің бұрынғы кештерден ерекшелігі бар. Жаңа әндер өте көп. Бір айтарым, мен жастардың стилінде өзгеше ән орындамақпын. Мен халықтық стильдегі әншімін, бірақ, заман талабына сай қазіргі заманның да әнін айтуым керек. Әрине, бұл кеште де халықтық әндер, патриоттық әндер көптеп шырқалады. Бұл әндер менің репертуарымнан ешқашан түспейді»,-дейді әнші.
«Мен қанша ел аралап, жер көрсем де, қазақ жеріне жетпейді. Мен қазақ үшін ән саламын. Барған жерімде қазақтың әндерін, ұлттық киімдерін насихаттаймын. Өзге елдің жақсы қасиетін көрген дұрыс. Бірақ, оларды Қазақ елімен ешқашан салыстырмаймын. Себебі, қазақ ылғи да жоғары тұрады».