Қазақстан Багам аралдарымен дипломатиялық қатынас орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Багам аралдарымен дипломатиялық қатынас орнатты

11.12.2014
Қазақстан Багам аралдарымен дипломатиялық қатынас орнатты

Қазақстан Республикасының Канададағы елшісі Константин Жигалов Багам аралдарына жұмыс сапарымен барды. Ол Багам аралдарының сыртқы істер және иммиграция министрі Ф.Митчелмен, сондай-ақ, инвестициялық және туристтік мекемелерінің басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасында дипломатиялық қатынас орнап, тараптар халықаралық құқық үстемділігі, климат өзгеруі, тұрақты даму, энергетикалық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, адам құқығы және діни толеранттылық мәселелерін талқылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты хабарлайды. 

Хабарламаларға жазылу