Қостанайда «Даму» қоры кәсіпкерлердің 84 жобасына қолдау көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда «Даму» қоры кәсіпкерлердің 84 жобасына қолдау көрсетті

02.11.2015
Қостанайда «Даму»  қоры кәсіпкерлердің 84  жобасына қолдау көрсетті
Қостанайда «Даму»  қоры кәсіпкерлердің 84  жобасына қолдау көрсетті

Шағын және орта бизнесті дамыту өңірлерде де қарқынды жүріп жатыр. Экономикалық ахуалдың күрделілігіне қармастан Қостанайда кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан нақты қолдау жасалуда. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры жыл басынан бері шағын кәсіпкерлік үшін 3 млрд 353 млн теңгенің субсидиясын бөлді. Бұл туралы Қазақ радиосының Қостанайдағы тілшісі Нұрқатан Құлабаев хабарлады.

Тоғыз ай ішінде 84 жобаны мақұлдап, кәсіпкерлерге қолдау көрсеткен қордың көмегінің нәтижесінде көптеген кәсіпкерлер кәсіптерін өркендетіп отыр. Солардың бірі Гүлнүр Омарова қордың 3 млн теңгелік қайтарымсыз грантына ие болған. Кәсіпкер ұлттық киім тиігумен айналысады. «Компьютерде арнайы бағадраламасы бар. Оюлардың өзін компьтер арлықы жасаймыз. Заманауи машина ұлттық нақыштағы кез-келген ою-өрнекті әп-сәтте тігіп шығады. Автоматтандырылған тігін машинасының арқасында, ісіміз өнді. Биыл біздің ұлттық киімдердің нарықтағы өтімі 3 есеге артып отыр», - дейді кәсіпкер. «Даму» қорының облыстық филиалы биыл 8 кәсіпкерге осындай қайтарымсыз қаржымен көмек көрсеткен. Кәсіпкерлікті дамыту қоры қаржылай демеумен ғана шектелмейді. Биыл «Даму» қорының «Іскерлік байланыс» жобасы аясында өңірдегі 50-ден астам кәсіпкер шетелде білімін жетілдіріп қайтты.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу