Терроризм және экстремизмге қарсы күресте мемлекеттердің күшін біріктіруі қажет - Н.Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Терроризм және экстремизмге қарсы күресте мемлекеттердің күшін біріктіруі қажет - Н.Назарбаев

10.12.2014
Терроризм және экстремизмге қарсы күресте  мемлекеттердің күшін біріктіруі қажет - Н.Назарбаев

Бүгін Ақордада Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елші болып тағайындалған бірқатар шетелдік дипломаттан Cенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Сіздер әлемдік құрылым терең өзгеріске ұшырап жатқан кезде қызметке кірісіп отырсыздар. Бүгінде жаһандық жаңа тәртіп, жаңа архитектура қалыптасу үстінде.

Жергілікті және өңірлік қақтығыстар, халықаралық терроризм мен экстремизм етек алуда. Оның алдын алу үшін күрес бүкіл мемлекеттердің күшін біріктіруі қажет. Біз стратегиялық тұрақтылық пен орнықты даму жолында бірлесе ізденуге ниеттіміз», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сөзінде Қазақстанның ядролық қаруды таратпау режимін нығайту жолындағы жаһандық қозғалыстың басында келе жатқанын айтты.

«Біз халықаралық істерге бұрынғыдан да белсенді қатысуды көздеп отырмыз», - деді Елбасы.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу