Бүгін – Дүниежүзілік футбол күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Дүниежүзілік футбол күні

10.12.2014
Бүгін – Дүниежүзілік футбол күні

Футболдың қалыптасу кезеңі XII ғасырдан бастау алады. Атақты саяхатшы Гастон Ле Фуа ағылшындар еліне жасаған саяхатының бірінде футбол ойынына куә болып, «ағылшындар допты керемет тебеді. Алайда, олар футболды ойын деп есептесе, төбелесті не дейді екен»,-деп таңғалған екен. Яғни, сол кездегі аяқдоп адамға қауіпті деп саналған. 

Билік басындағылар қаншалықты тыйым салып, ойнатпауға тырысқанымен, футбол қарапайым халық тіршілігінің ажырамас бөлігіне айналып кетті. Англияда 1863 жылы ережесі бекітілген соң, ала доптың отаны – Британия болып саналады. Дегенмен, бұл ойынды көне Мысырда, Грекияда, Римде де ойнаған.

Ағылшындар 1966 жылы ғана Әлем чемпионы атанды. Ал, Бразилия – 5 дүркін чемпион.

Біздің елдегі қазақ балаларының да доп тепкеніне 100 жылдан асты. 1913 жылы Семейде «Ярыш» футбол командасы құрылған еді. Қазақ жеріндегі тұңғыш футбол командасының құрамында жазушы Мұхтар Әуезов те доп тепкені белгілі.

Қазақ футболының қайратына мініп, бір кездері құлдырағаны да көз алдымызда. 12 жыл бұрын УЕФА-ға мүше болып кіргенімізде 52-ші орында едік, қазір 54 елдің ішінде 37-ші сатыда тұрмыз.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу