Ол бойынша:
1) Қажығали Мұханбетқалиұлына, жазушы - «Тар кезең» тарихи романы үшін;
2) Гүлнар Сейітжанқызы Салықбаеваға, ақын - «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы үшін;
3) Пантелей Константинович Кесоглуге, әнші - «Песня - душа моя» жеке концерті үшін;
4) Балнұр Балғабекқызы Қыдырбекке, композитор - «Реквием» вокалды-симфониялық шығармасы үшін;
5) Авторлар ұжымына: Асқар Исабекұлы Мырзахметовке, Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаевқа, Насир Ачилович Рустамовқа, Әмірхан Бекжанұлы Шүменовке, Нұрлыжан Маратбекұлы Бөкебаевқа - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені үшін.
Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.