Ажар Ерболған: Мақсатым – соңыма ел игілігіне жарайтын пайдалы еңбек қалдыру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ажар Ерболған: Мақсатым – соңыма ел игілігіне жарайтын пайдалы еңбек қалдыру

09.12.2014
Ажар Ерболған: Мақсатым – соңыма ел игілігіне жарайтын пайдалы еңбек қалдыру

Ажар Ерболған – 1992 жылы 18 тамызда Алматы облысына қарасты Сарқан ауданында дүниеге келген.  Республикалық жыр байқауларының жүлдегері.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты. Өлеңдері республикалық басылымдарда жарияланып, ұжымдық жыр жинақтарға енген.

«Мақсатым – соңыма Қазақстанымның игілігіне жарайтын пайдалы еңбек қалдыру»,-дейді ол.

 

Жусанды бел сөйлетсе қоңыр әнін,

Ой кеміріп батады соңыра күн,

Жалғыздығын сездік пе сол даланың

Сағыныш жас жуғанда омырауын.

 

Жалғыздығы даланың ғасыр көшкен,

Тал-құлынын жоғалтып, тасында өскен,

Боз жусанның жұпарын білмейтұғын

Ұрпақ үшін біздерді кешір кешсең.

 

Әр тасында қорғасындай кек тұнған,

Күй сағыныш бебеулейді көп қырдан,

Боз даладан бір топырақ бұйырмай

Кеткен боздақ қайда жатыр деп тұрған.

 

Жат босаға аттамаса ерке қыз,

Ғасыр тағы қай шешімге бекінді.

Жаныңа дерт әкелді ғой не түрлі

Сені бүгін сүйе алдық па, біз пақыр?

Сенің ұлы сағынышың секілді.

О, Туған жер!

Хабарламаларға жазылу