Осы уақытқа дейін суретте Шәкәрімнің өзі бейнеленгені нақты болмай келсе, мәскеулік архивте табылған құжатта суреттегі адамның есімі мен түсірілген мерзімі жазылған.
Фотосуреттің авторы - орыс зерттеуші Федор Фиельструп.
Оның материалдарында қазақ данышпанымен кездесу туралы және Шәкәрімнің өз аузынан шыққан ақпараттар кездеседі.
Әйгілі қазақ ақыны ғалымға бүркітпен аң аулау және қазақ халқының сүтті тағамдары туралы баяндаған.
Музей қызметкерлері Шәкәрім тұрған ауыл бейнеленген 30 фотосуреттің көшірмесін алып келді.