Келер жылдан бастап борышкерлер айппұлдарын әуежайларда төлей алатын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылдан бастап борышкерлер айппұлдарын әуежайларда төлей алатын болады

08.12.2014
Келер жылдан бастап борышкерлер айппұлдарын әуежайларда төлей алатын болады

Шетелге шығар алдында борышкерлерге айыппұлдарды әуежайларда және вокзалдарда төлету мүмкіндігі жүзеге асырылмақ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Әділет вице-министрі Бақытжан Әбдірайымов мәлім етті.

Айта кетейік, қарызы бар немесе әкімшілік айппұлдарды төлемеген қазақстандықтар шетелге шыға алмайды. Бұл мәселені шешу үшін министрлік арнайы терминалдарды әуежайларда, теміржол вокзалдарында және сапаржайларда орнатуды ұсынып отыр.

«Яғни, қарызы бар азаматтарға электронды форматта айппұлдарды төлеуді қолжетімді етпекпіз. Менің ойымша, бұл қалыпты өркениетті тәжірибе және осы тәжірибені алдағы жылдан бастап енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді министрдің орынбасары.

Хабарламаларға жазылу