Қытай мен Үнді, Таяу Шығыс пен Парсы жұртына ашылған төте жол. Қазақстан мен Түркіменстанды жалғаған теміржол Иранға да ұласты. Үш мемлекет жеті жыл салған 928 шақырымдық жолдың қазаққа пайдасы қандай?
Қаржылық дағдарыс қыспаққа ала бастады. Мұнай бағасы шайқалақтап, тағы құлдырады. 40 долларға дейін түсуі мүмкін. Қазақстанның ішкі мұнай нарығындағы ретсіздік қалай шешілмек?
Мүгедектерді мүсіркегенмен, шынайы қолдау неге жоқ? Орал өңіріндегі сандық жасаудың шебері Біржан Қожақов жергілікті биліктен қолдау көре алмай келеді. Ұлттық өнерді дамытқан I топтағы мүмкіндігі шектеулі жанның базынасын бүгін 20.00-де «Apta.kz»-тен көріңіз.