Қазақ тілді контент үлесі арттырылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тілді контент үлесі арттырылмақ

05.12.2014
Қазақ тілді контент үлесі арттырылмақ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев қазақстандық телеарналарда заңнамадағы тілдік талаптардың сақталуы мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты хабарлайды.

Кеңеске орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері қатысты.

Онда отандық телеарналардың эфиріндегі қазақ тілді хабарлардың үлесін арттыру бойынша іс-шаралар, сондай-ақ, тілдік тепе-теңдіктің сақталуына бақылауды күшейту мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Б.Сапарбаев мемлекеттік органдарға тілдер туралы заңнаманың сақталмауына қатысты жауапкершілікке тарту бөлігі бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің нормаларын жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу туралы бірқатар тиісті тапсырма берді.

Хабарламаларға жазылу