Астанаға бағыт алған халықаралық және ішкі рейстер Қарағанды әуежайына қонуға жіберілуде, деп хабарлады Қарағанды халықаралық әуежайының қызметкерлері, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бір халықаралық борт қонды, енді үшеуін күтіп отырмыз. Алматыдан келе жатқан ұшақ та келіп қонды. Астанада ауа райының қолайсыздығынан ұшақтарға қону мүмкіндігінің болмауы екі-үш сағатқа созылатын сыңайлы», - деп атап өтті әуежайдан.