«Сенбілік таң» «Үздік қоғамдық-танымдық бағдарлама» аталымы бойынша үздік шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» «Үздік қоғамдық-танымдық бағдарлама» аталымы бойынша үздік шықты

05.12.2014
«Сенбілік таң»  «Үздік қоғамдық-танымдық бағдарлама» аталымы бойынша үздік шықты

Көрермендерге демалыс күндерін сәтті бастауға жол ашуды мақсат еткен жоба  «Үздік қоғамдық-танымдық бағдарлама» аталымы бойынша үздік деп танылды.

Бағдарлама жетекшісі әрі жүргізушісі - Гүлмира Дайрабай.

Астанадағы «Хилтон» қонақүйінде өткен салтанатты рәсімде үздік жобаға марапатты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серікбай Нұрғисаев тапсырды.

Айта кетейік, «Жыл таңдауы» - отандық телеиндустрияның үздіктерін марапаттауға арналған алғашқы шара.

Жеңімпаздар «TNS Central Asia» компаниясының зерттеуі негізінде анықталды.

Хабарламаларға жазылу