Қазақстанға мемлекеттік сапармен Франция Президенті Франсуа Олланд келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға мемлекеттік сапармен Франция Президенті Франсуа Олланд келеді

05.12.2014
Қазақстанға мемлекеттік сапармен Франция Президенті Франсуа Олланд келеді

Екіжақты кездесулер аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылы Францияға барған сапарында жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қаралып, өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады.

Бұдан кейін мемлекет басшылары Тәуелсіздік сарайында өтетін Қазақстан-Франция бизнес-форумына қатыспақ.

Франция Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің алдыңғы бестігіне кірді, яғни бұл мемлекет бүгінде Қазақстанның стратегиялық әріптестерінің алдыңғы қатарында.

Франция Қазақстанға «ЕХРО-2017» көрмесіне дайындалуға қол ұшын бермек. Осы орайда франциялық компаниялары алда келе жатқан халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесіне дайындық аясында Қазақстанға құрылыс, архитектура, энергия тиімділігін арттыру, коммуналдық қызмет сияқты салаларда өздерінің шеберліктерімен бөлісіп, қызметін ұсынуға әзір.

Биыл Қазақстанның Франциядағы мәдениет маусымы өтті. «Қазақстан күні» ауқымды бағдарламасының аясында меймандар қазақ халқының қонақжайлылығымен таныса алды. Француздар үшiн арнайы ұлттық нақыштағы әшекейлермен безендірілген киiз үй орнатылды.

Ал бүлдіршіндер үшін қазақ мультфильмдерінің көрсетілімдері ұйымдастырылды, сондай-ақ олар қазақ музыкасымен танысып, түрлі сурет үйірмелеріне қатысты.

Хабарламаларға жазылу