«Әйел бақыты» ток-шоуы «Жыл таңдауы» байқауында марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты» ток-шоуы «Жыл таңдауы» байқауында марапатталды

05.12.2014
«Әйел бақыты» ток-шоуы  «Жыл таңдауы» байқауында марапатталды

Қазақ әйелінің ең үздік, ең жарқын бейнесін қалыптастырып, халық арасына насихаттауды мақсат еткен  бағдарлама «Үздік қоғамдық-саяси, әлеуметтік бағыттағы ток-шоу» аталымы бойынша үздік деп танылды.

Жоба продюсері - Әйгерім Есенәлі. Жүргізушісі - Ләйлә Сұлтанқызы.

Марапатты ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев тапсырды.

Айта кетейік, үздіктер  «TNS Central Asia» компаниясының зерттеуі негізінде 17 номинация бойынша анықталды.

 

Хабарламаларға жазылу