Отандық драматургия ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуі тиіс - Мемлекет басшысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық драматургия ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуі тиіс - Мемлекет басшысы

05.12.2014
Отандық драматургия ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуі тиіс - Мемлекет басшысы

Елбасы ең заманауи жарық және дыбыс жабдықтарымен жабдықталған жаңа театрдың ғимаратын аралап көрді.

Театр ұжымымен әңгімелескен Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі мәдениет пен өнердің дамуына мемлекет зор көңіл бөліп отырғандығына тоқталды.

Соған орай экономикалық өсім мәдени өрлеумен ұштасып жатуы тиістігін айтты. 

Қазақстан Президенті отандық драматургия, кинематография және басқа да өнер салалары өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелей отырып, қоғамның рухани және ар-ұждан құндылықтарын жаңғыртуға ықпал етуі тиістігін  атап көрсетті.

«Драматургия адамның ең нәзік сезімдеріне әсер ете отырып, тарихты ғана емес, бүгінгі өмірді де сипаттауы тиіс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

 

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу