ҚР Ұлттық академиялық кітапханаға – 10 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Ұлттық академиялық кітапханаға – 10 жыл

04.12.2014
ҚР Ұлттық академиялық кітапханаға – 10 жыл

ҚР Ұлттық академиялық кітапханаға биыл – 10 жыл. Осыған орай бүгін «Таңшолпанда» кітапхананың өнер залының жетекшісі Гүлмира Болатқызы қонақта болды.

«Биыл кітапханамыздың 10 жылдығы Тұңғыш Президентіміздің күнімен тұспа-тұс келді. Бұл – айтулы мереке еліміздің барлық кітапхана қызметкерлеріне арналса, бір жағынан Тұңғыш Президент күніне тарту болып отыр. Біз мерекені 14 қазаннан бастадық.

Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жылдық мерейтойы аясында «Даламның қарлығаштары» атты кеш ұйымдастырылды, Қайрат Сақтың «Алаш көсемсөзі» кітабының тұсаукесері өтті, Алматыдағы  кітап мұражайының бір филиалы біздің кітапханадан ашылды. Тағы басқа да шаралар осы 10 жылдық мерейтой аясында ұйымдастырылды»,-дейді ктапхана қызметкері.

«Осы мерейтойға орай біздің кітапхана 1 желтоқсан күні халықаралық форум өткізді. Оған Түркия, АҚШ, Жапония елдерінің елшіліктерінен өкілдер келді. Сондай-ақ, облыстық кітапханалардың директорлары, жазушылар, депутаттар, жастар қатысты. Бас-аяғы 500-дей адам келді».

«Менің бұл салады қызмет еткеніме 20 жыл болды. Адам бір салаға келгеннен кейін, сол жүрген ортасында белгілі бір  дәрежесі, қолтаңбасы болмаса, маманның шеберлігі дәлелденбейді».

«Біз еліміздің барлық кітапханаларымен тығыз байланыстамыз. Ендігі мақсат – шетелдік кітапханалармен байланыс орнату. Бұл үшін алғашқы қадамдар жасалып та жатыр. Кітапхана басшылығы Қырғыз Республикасының, Қытайдың кітапханаларына барып, тәжірибе алмасып қайтты»,-дейді Гүлмира Болатқызы.

Хабарламаларға жазылу