Әлемде шай өсіруде алдыңғы орынға ие мемлекеттер Астанада көрме өткізді. Көк шай мен қызыл шайдың алуан түрі көрмеге келушілердің назарына ұсынылды.
Үнді шайын ұнатпайтын, дәмін татпаған адам кемде-кем болар. Себебі үнді елінің шай плантацияларынан алынған өнім дүние жүзіне тарайды.
«Фестивальдің мақсаты – әр елді шай сусынымен танысу. Достық қарым-қатынас пен халықтар арасындағы бірліктің нығаюына үлес қосу. Бұл жерде кез келген қонақ ұсынылған шайдың дәмін татып көре алады», - дейді Үнді мәдени орталығының директоры Рагху Гурурадж.
Фестиваль қонақтары қатысушы елдердің ұсынып отырған шай түрлерімен, әр ел шайының шығу тарихы, мәдениеті, әдет-ғұрыптарымен танысты. Сондай-ақ, ұлттық билерін тамашалауға мүмкіндік алды.
Шай құю да – өнер. Себебі әр халықтың өзіне тән ерекшелігі, өз дәстүрі бар. Шай демдеудің түрлерін «Таңшолпаннан» көріңіз.