Астана қаласы әкімінің орынбасары болып Андрей Лукин тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласы әкімінің орынбасары болып Андрей Лукин тағайындалды

03.12.2014
Астана қаласы әкімінің орынбасары болып Андрей Лукин тағайындалды

Лукин Андрей Иванович 1961 жылы 28 шілдеде туған. Целиноград инженер-құрылыс институтын, Қарағанды Мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.

1985 - 1998 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдарында қызмет өткерген.

Ақмола қаласы Шығыс ішкі істер бөлімінің бастығы, Ақмола қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы, Мемлекеттік Тергеу Комитетінің бастығы.

1998 жылғы мамыр - 2003 жылғы шілде аралығында - Астана қаласы Тұрғын үй департаментінің бастығы, 2003 жылғы шілде - қыркүйек аралығында - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Әкімшілік және құқық жұмысы департаментінің директоры, 2003 жылғы қыркүйек - 2005 жылғы сәуір аралығында - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі.

2005-2014 - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары.

Хабарламаларға жазылу