«Облыс әкімдігінің мәліметінше, балабақшаның құрылысына бюджеттен 471,6 миллион теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 444,05 миллион теңге және жергілікті бюджеттен 27,6 миллион теңге бөлінді», - деп хабарлайды strategy2050.kz.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов шараға қатысушыларды шын жүректен мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ақтөбеде жаңа мектепке дейінгі білім беру мекемесінің маңыздылығына тоқталып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында қойылған міндеттер аясында әлеуметтік саланың алдағы дамуынан хабардар етті.
«Алтын бала» бөбекжайы 13 топқа шақталған. Мұнда музыка залы, медициналық кабинет, асхана, кір жуатын бөлме, ойын және жатын бөлмелері заманауи балалар жиһаздарымен жабдықталған.