Әнші Қазан қаласында өткен ІІ халықаралық телевизиялық ән байқауының финалында «Ізін көрем» әнімен 15 үміткердің арасынан үздік шықты.
Жанар Дұғалованың шығармашылық жолы 14 жасында «Жас қанат» байқауынан басталған. «Асықпа», «Қазақтың қыздары» сынды әндердің авторы.
Сонымен қатар, биылғы жылдың шілде айында өткен «Астана жұлдызы» музыкалық байқауында «Үздік орындаушы» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
Сахна жұлдызының әзілмен өрілген әңгімесін бүгін 23:30-да Ұлттық арнадан тыңдай аласыздар. Ток-шоуға әншінің продюсері Баян Есентаева да қатысады.