«Балалық шағымның аспаны» туындысы Елбасының балалық кезіне арналған. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы, ата-анасына, сол кездегі елдің жағдайына ерекше мән берілген. Фильмде сол кезеңнің портреті қамтылған.
Туындыдағы басты рөлдерді Ержан Жарылқасынұлы, Нұржұман Ықтымбаев, Алмагүл Әлішева, Елжас Әлпиев, Әбілмансұр Серіков, Нұрлан Әлімжанов, сондай-ақ, Бибігүл Төлегенова сомдайды.
Тұтас бір буынның тағдыры туралы туындыны бүгін Ұлттық арнадан 18.05-те тамашалай аласыздар.