Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні қарсаңында елорда әкімдігі «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – тәуелсіз мемлекеттің символы» атты ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
Іс-шарада Парламент және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, көрнекті ғалымдар, сарапшылар, әкімшілік полиция басқармасы, саяси партиялардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бас қосты.
Конференцияның мақсаты – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттің қалыптасуындағы, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды сәтті жүргізудегі, сонымен қатар, елімізде бейбітшілік пен келісімді, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін талқылау; тәуелсіз мемлекетіміздің тұрақты дамуының фундаменті - Елбасы Н.Назарбаевтың саясаты мен идеяларына қоғамды шоғырлау болып табылады.
«Егеменді Қазақстанның негізін салудың және нығайтудың тарихи миссиясы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Оның жетекшілігімен кең ауқымды құқықтық, экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүргізілді. Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы Президент барша қазақстандықтар мойындаған және халықаралық қоғамдастық тарапынан құрметке ие болған жаһандық бастамалардың авторы», - деді ұйымдастырушылар.